клиникалық жағдай бойынша жауаптар эталоны.

Қадамдарды бағалау критерилері
1. Шағымдарды жинау Шағымдарды нақтылау үшін барлық сұрақтар қойылды ма? Кезеңді және жүйелі түрде жүргізілді Барлық шағымдар негізгі және қосымша сұрақтармен нақтыланды
2. Анамнезін жинау Анамнезді анықтау үшін барлық сұрақтар қойылды ма? Анамнезді жинап және нақтылау үшін, барлық сұрақтар, соның ішінде тұқым қуалаушылық, эпид.анамнез туралы сұрақтар қойылды
3. Физикалық тексеру Тексеру дұрыс, ретімен жасалды, перифериялық лимфа түйіндері пальпация жасалды, шырышты қабаты бөртпелердің бар жоғына қаралды. Тыңдау нүктелерін сақтап жүрек аускультациясы жасалды.
4. Тірек –қимыл жүйесін зерттеу. Алақанның теріс бетімен локальді температура тексерілді, тексеру дұрыс жасалынды. Пассивті және активті қимылдар көлемін анықтады. Кеуде қуысы экскурсиясы тексерілді.
5. Сакроилеитті анықтау тесттерін жүргізу Кушилевский тестісі (әдістердің бірі бойынша) 1) Науқасты бүйіріне жатқызып мықын сүйектерінің жоғарғы алдыңғы өсіндісін басып тексерді. 2) мықын сүйегінің қырын басып тексеру,бүйір жағынан; 3) Науқас арқасына жатып, бір мезгілде 90° бүгілген және сыртқа әкетілген тізе буынының ішкі бетіне және қарама-қарсы мықын сүйегінің жоғарғы алдыңғы өсіндінің қанатына басу.
6. Омыртқа қозғалғыштығы анықтау тесттерін жүргізу Томайер тестісі: науқас алға еңкейіп қолдың саусақтарын созу арқылы еденге тигізуге тырысады, екі аяқты бірге қосып, тізелерін бүгпейді (қалыптыда– 0-10 см)
Шобер тестісі: науқасты алдыға еңкейтіп алдын ала белгіленген екі нүкте арасының ұлғаюын өлшейді. (1ші нүкте омыртқа сызығының Михаэлис ромбысының бұрышымен қиылсқан жері, 2-ші нүкте 1-ші нүктеден 10 см жоғары орналасқан ) (қалыптыда 4-5 см кем емес)
Форестье (Forestier) тестісі – науқас қабырғаға, арқасымен өкшесін, сегізкөзін тигізіп тұрады. Қалыптыда науқас шүйдесін қабырғаға тигізе алады.
7. Алдын-ала диагозды негіздеу және қою. Тыныштық жағдайда басылатын, физикалық белсенділікте күшеетін, арқасындағы ауыру сезімі және аздаған бел аймағындағы ауыру сезімі, Томайер және Шобер тесттері теріс; Кушилевский тесті теріс, рентгенде омыртқалар дискісінің дистрофиялық өзгерістеріне сүйене: «Омыртқаның кеуде бөлігінің остеохондрозы» диагнозы қойылады.
8. Салыстырмалы диагноз жоспары Форестье ауруымен, псориаздық артропатиямен, туберкулезбен, бруцеллезбен, Бехтерев ауруымен
9. Лабораторлы зерттеу жсопарын тағайындау 1. Клиникалық қан анализі 2. Биохимиялық қан анализі (жалпы белок, АЛТ, АСТ, билирубин, мочевина, креатинин, холестерин, глюкоза) 3. Жалпы зәр анализі 4. Қанды иммунологиялық тексеру ревматоидты фактор IgM, СРБ, фибриноген 5. Райта - Хаддлсон реакциясы
10. Аспаптық зерттеу жсопарын тағайындау Куде ағзаларының - Р-граммасы Омыртқаның 2-кі проекциядағы рентгенограммасы
11. Лабораторлы зерттеу мәліметтеріне интерпретация Жалпы: ЖҚА, ЖЗА, Б/х - өзгеріссіз
Иммунологиялық зерттеулер: ЗППП, бруцеллез жоққа шығарылған; РА – теріс Қабыну белгілері – СРБ және фибриноген теріс
12. Кеуде ағзаларының Р-граммасы Өзгеріссіз
13. Кеуде және бел аймағының 2-х проекциялы рентген-суреттерінде Омыртқааралық дисктерде дистрофиялық өзгерістер анықталады. Омыртқалардың “квадратизация” симптомының, омыртқалардың алдыңғы беткейінің синдесмофитозының жоқтығы АС диагнозын жоққа шығарады.
14. Қорытынды диагнозды құрастыру және дәлелдеу Серонегативті спондилоартриттер және инфекциялық спондилездің жоқтығы, нейро - бұлшықеттік синдромының болуы және рентгенограммада омыртқалардың атипиялық өзгерістерінің негізінде: «Омыртқаның кеуде бөлігінің остеохондрозы, нейро-бұлшықеттік синдром» клиникалық диагноз қойылады.
15. Емдеу тәсілін анықтау · Невролог кеңесі · Ауыру сезімі басылғаннан кейін емдік жаттығулар · Ауыр физикалық күштемені шектеу · Темекі шегуден бас тарту Емі: 1. Физиотерапия 2. Емдік шынықтыру 3. Массаж 4. Медикаментозды терапия. 5. Рефлексотерапия 6. Омыртқаны ажырату (тракция) 7. Мануальді терапия
16. Келешекте жүргізу 8. Динамикада:омыртқалар Рграфиясын 1-жылдан кейін Емдік шынықтыру ауыру сезімі болмаған жағдайда тұрақты түрде. Массаж 2-3 рет жылына
17. Науқаспен оптимальді қатынас орнату және қобалжуды басу Коммуникация нәтижелі . Науқас сеніммен дәрігерге қарайды. Дәрігердің барлық сұрағына жауап алынды.

Дайындаған:кафедра ассистенті И. Алмаскызы





Рецензент:ҒЗИКжәнеІА. Вуздан кейінгі кәсіби және қосымша білім беру орталығының жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы Тундыбаева М.К.

№ 1 терапия бойынша И және Р кафедрасы отырысында талқыланып және бекітілді

(27 қаңтар 2015, хаттама № 7).

Ішкі аурулар бойынша КІБ мәжілісінде талқыланып және бекітілді

(29 қаңтар 2015, хаттама № 5).


6896089610755019.html
6896148199506588.html
    PR.RU™